Мұғалімдердің эмоциялық қажуын жасанды интеллект технологиялары және бағалау құралы (BAT) арқылы диагностикалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202592102
        49 31

Аннотация

Мақалада мұғалімдердің эмоциялық қажуын (ЭҚ) диагностикалау үшін бағалау құралы (BAT) және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мәселесі қарастырылады. Кәсіби қызметтегі жоғары жүктемеге байланысты педагогтар жиі эмоционалдық қажуға ұшырайды, бұл әлсіздік, оқшаулану және когнитивтік бұзылулар түрінде көрініс табады.Зерттеу Алматы қаласындағы "Өрлеу" Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы базасында 200 мұғалімнің қатысуымен жүргізілді. Қатысушылар жынысы және жас ерекшеліктері бойынша топтастырылды. Сонымен қатар, ЖИ технологиялары, соның ішінде нақты уақыт режимінде ЭҚ деңгейін бақылайтын диагностикалық чат-боттар қолданылды.Зерттеу нәтижелері жас факторының ЭҚ деңгейіне айтарлықтай әсер ететінін көрсетті, бұл әсіресе ер адамдар арасында анық байқалды. Сонымен бірге, үлкен жастағы топтарда әлсіздік деңгейінің жоғары екендігі анықталды. Жас топтар арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болмағанымен, жас ұлғайған сайын мұғалімдерде ЭҚ деңгейінің артуы байқалды.ЖИ қолдану диагностиканың тиімділігін дәлелдеп, деректерді жинау процесін жеңілдетіп және жедел кері байланыс беруге мүмкіндік жасады. ЖИ-мен интеграцияланған әдістер диагностиканы дәлірек және тез жүргізуге жағдай жасап, мұғалімдердің ЭҚ деңгейін мониторингтеуді жеңілдетті.Зерттеудің практикалық маңыздылығы білім беру ұйымдарына мұғалімдердің эмоционалдық қажуын диагностикалау үшін ЖИ әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеуінде жатыр. Алынған деректер мұғалімдердің психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға, олардың кәсіби төзімділігін арттыруға және білім беру процесінің сапасын көтеруге бағытталған ЭҚ алдын алу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін. Мұндай бағдарламаларды енгізу педагогтар арасындағы күйзеліс деңгейін төмендетуге және білім беру мекемелерінде қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Түйін сөздер: эмоциялық қажу, бағалау құралы (BAT), жасанды интеллект, мұғалімдердің хал-ахуалы, білім психологиясы.

Авторлардың биографиясы

Ә. Ғабдрахман, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, e-mail: adlmoviemaker@gmail.com

Х. Угур, ҒЗО Academic Window, Нью-Джерси, АҚШ

PhD, Academic Window Ғылыми зерттеу орталығының құрылтайшысы, e-mail: hasan.ugur@academicwindow.com

З. Мадалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы  психология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, e-mail: madalievaz.b@bk.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Ғабдрахман A., Угур H., & Мадалиева Z. . (2025). Мұғалімдердің эмоциялық қажуын жасанды интеллект технологиялары және бағалау құралы (BAT) арқылы диагностикалау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 92(1), 27–40. https://doi.org/10.26577/JPsS202592102