Этникалық қауымдастықтардағы әйелдердің гендерлік теңсіздігі және білім беру ұмтылыстары: Түркістан өңіріндегі тәжік әйелдерінің мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS2025932010
        29 18

Аннотация

Қазіргі қоғамда, әсіресе этникалық қауымдастықтар арасында білім берудегі және кәсіби қызмет көрсетудегі гендерлік теңсіздік өзекті мәселе болып қала береді. Бұл зерттеу Қазақстанның Түркістан облысындағы тәжік әйелдерінің білім алу және мансаптық мүмкіндіктерін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі, кеңестік және батыстық дискурстардың тәжік әйелдерінің гендерлік рөлдеріне, білім алу ұмтылыстарына және кәсіби мүмкіндіктеріне әсерін зерттеу болып табылады.

Жұмыс әдістемесі әңгімелеу сұхбаттары мен зерттеу объектілерін бақылауды қамтитын сапалы тәсілге негізделген. Жасы, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайы әртүрлі тәжік ұлтының әйелдерінен құралған 16-дан астам респонденттердің  пікірлері талданды. Алынған сапалы деректер MAXQDA бағдарламалық құралының көмегімен өңделді.

Зерттеу нәтижелері тәжік әйелдерінің дәстүрлі гендерлік рөлдерге және олардың этномәдени ортасының ерекшеліктеріне байланысты шектеулерге тап болғанын көрсетеді. Балаларына білім беруге ұмтылғанына қарамастан, әлеуметтік және қаржылық шектеулер басты кедергілер болып қала береді. Отбасылық үміттердің, мәдени дәстүрлердің және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсері олардың кәсіби және білім беру мүмкіндіктерін шектейді.

Жұмыс әйелдердің әлеуметтік рөлдерін қалыптастырудағы мәдени дискурстардың өзара әрекеттесуінің күрделілігін көрсете отырып, гендерлік теңсіздікті зерттеуге үлес қосады.  Зерттеудің практикалық құндылығы тәжік әйелдерінің мысалында жалпы қазақстандық әйелдердің кәсіби іске асыру мен білім берудегі кедергілерді түсіну үшін пайдалы болып  келеді. Сондай-ақ, зерттеу әйелдердің білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесін  арттыру арқылы  Қазақстанда гендерлік теңдікті жүзеге  қамтамасыз етуге  бағытталған мүмкіндіктерді әзірлеуді көздейді.

Түйін сөздер: гендерлік теңсіздік, білім, этникалық қауымдастықтар, мансап, тәжік этносы, әйелдер

Авторлардың биографиясы

Э. Отар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

PhD, әлеуметтану кафедрасының доцент м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казахстан, e-mail: Ot_el@mail.ru

А. Несипбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

(корреспондент автор) - әлеуметтану мамандығының 2-курс докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казахстан, e-mail: nesipbaevaalem1980@gmail.com

Х. Беширли, Анкары Хачи Байрам Вели, Анкара, Түркия

доктор, әлеуметтану кафедрасының профессоры, Анкары Хачи Байрам Вели университеті, Анкара, Турция, e-mail. hayati.besirli@hbv.edu.tr

Жүктелулер

Как цитировать

Отар E., Несипбаева A., & Беширли H. . (2025). Этникалық қауымдастықтардағы әйелдердің гендерлік теңсіздігі және білім беру ұмтылыстары: Түркістан өңіріндегі тәжік әйелдерінің мысалында. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 93(2), 116–126. https://doi.org/10.26577/JPsS2025932010