Жасөспірімдердің өзгеріске тұлғалық даярлығы мен өзекті функционалды жағдайларының психологиялық зерттелуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202592101
        72 43

Аннотация

Бұл зерттеу жасөспірімдердің өзгерістерге тұлғалық даярлығы мен олардың функционалдық жағдайларының психологиялық аспектілерін зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы жасөспірімдер көптеген әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге тап болады, сондықтан олардың бейімделу қабілеті маңызды рөл атқарады. Зерттеудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің өзгерістерге психологиялық дайындығының және өзекті функционалды жағдайларының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы психологиялық қолдау мен кеңес беру барысында жасөспірімдерге тиімді көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларды жасауға мүмкіндік береді. Әсіресе, психокоррекция және стресс басқару әдістерін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелері қолданылуы мүмкін. 

Зерттеу барысында «Шаршау - Монотония - Зерігу - Стресс», «Өзгерістерге тұлғалық даярлық» әдістемелері қолданылып, жасөспірімдердің психикалық жағдайлары және өзгерістерге тұлғалық даярлықтары бағаланды. Зерттеу нәтижелері жасөспірімдердегі психикалық шаршау мен стресс деңгейінің жоғары екенін көрсетіп, олардың бейімделуіне кері әсер ететінін дәлелдеді. Жасөспірімдердің көпшілігінде құмарлық, тапқырлық, батылдық және бейімделу қасиеттері төмен деңгейде байқалса да, олардың оптимизм деңгейі өте жоғары, ал сенімділік пен екі ұштылыққа толеранттылық көрсеткіштері орташа дәрежеде көрінеді, бұл олардың дамуына бағытталған қосымша қолдау мен ынталандырудың қажеттілігін көрсетеді. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері мектеп психологтары мен педагогтарға оқушылардың эмоционалдық және психологиялық тұрақтылығын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар жасауға негіз бола алады.

Бұл зерттеу жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, психологиялық тұрақтылығына әсер ететін негізгі факторларды түсінуге ықпал етіп, білім беру процесіндегі психологиялық қолдау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға үлес қосады.

Түйін сөздер: тұлғалық даярлық, функционалдық жағдай, стресс, шаршау, психологиялық тұрақтылық.

Авторлардың биографиясы

С. Бапаева, «Тұран» Университеті, Алматы, Қазақстан

«Тұран» Университеті, «Психология» жоғары мектебінің сениор-лекторы, e-mail: s.bapayeva@turan-edu.kz

А. Касымжанова , «Тұран» Университеті, Алматы,

психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университеті, «Психология» жоғары мектебінің зерттеуші профессоры, e-mail: anara3008@mail.ru

Т. Черникова, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Волгоград, Ресей

психология ғылымдарының докторы, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Білім және даму психологиясы кафедрасының профессоры, e-mail: tamara@vspu.ru

А. Альмуратова, «Тұран» Университеті, Алматы, Қазақстан

Лингвистикалық оқу орталығының сениор-лекторы, Тұран университеті, e-mail: a.almuratova@turan-edu.kz

Л. Ермекбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Психология» кафедрасының профессор м.а., e-mail: Laura.ermekbaeva1970@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Бапаева S., Касымжанова , А. ., Черникова, Т., Альмуратова A., & Ермекбаева L. (2025). Жасөспірімдердің өзгеріске тұлғалық даярлығы мен өзекті функционалды жағдайларының психологиялық зерттелуі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 92(1), 4–26. https://doi.org/10.26577/JPsS202592101