Қазақстан халқының тіл саясатын бағалауы: әлеуметтік зерттеу нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS2025921010Аннотация
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы халқының тіл саясатына баға беруін әлеуметтанулық талдау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің негізгі мақсаты елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясаты мәселелері бойынша қазақстандықтардың түрлі әлеуметтік санаттарының пікірлерін зерделеу болып табылады. Бұл зерттеуді жүргізудің теориялық негізі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (2021-2023 жж.) жүргізген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері болды.
Зерттеу барысында сапалы Desk Research әдісін қолдана отырып, бастапқы деректерге талдау жасалды, оны қолдану өз кезегінде мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығын растайды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде зерттеуге гендерлік сипат берген бірқатар өзгешеліктер атап өтілді. Зерттеу нәтижесінде анықталған мәселелер одан әрі талдауды қажет етеді, бұл әлеуметтік лингвистика саласындағы ғылыми зерттеулерге белгілі бір үлес қосады, мақаланы жазу барысында анықталған көрсеткіштердің динамикасына бақылау жүргізу қажеттілігін арттырады. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар елде тіл саясатын жүргізудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін оңтайлы әдістерді анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұл мақала мен оның ғылыми нәтижелері осы мәселені ғылыми талдауды жалғастыруға негіз бола алады.
Түйін сөздер: тіл саясаты, қазақ тілі, қазақстандықтар, әлеуметтік топтар, әлеуметтану.