АДАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУЫНА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФРУСТРАЦИЯЛЫҚ КҮЙІНДІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.05
        193 205

Аннотация

Қазіргі уақытта ғылыми әдебиеттерде фрустрация жағдайында болатын жағымсыз эмоционалды мінез құлық реакциялары туралы зерттеулер кеңінен ұсынылған. Мақалада фрустрация тек психологиялық мазмұнымен немесе бағытымен ғана емес, ұзақтығымен де ерекшелене отырып, адамның өзін-өзі қорғауына және қарым-қатынасына да әсері қарастырылады. Зерттелініп отырған тақырып аясында авторлар Н.Д. Левитов, С. Розенцвейг, Л. Фестингер, К. Роджерс, В.Н. Мясищев, М.А. Мкртчянның  зерттеулерін негізге алады. Сонымен қатар мақалада фрустрациядағы уайымды бастан өткеру процесін және адамның фрустрацияға реакциясының ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері берілген. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде бірінші курстың 27+15 студенттер іріктемесінде фрустрация деңгейінің мазасыздану, қаттылық, агрессивтілік, шиеленіс, консерватизммен оң корреляциясы және көпшілдік, өзін-өзі бағалау деңгейі, эмоциялық тұрақтылық, өзін-өзі бақылау, нормативтілігімен теріс корреляциясы анықталды. Зерттеу нәтижесі r-Спирмен корреляция коэффициенті екі айнымалы бойынша да рангтер арасындағы байланыстың жоқ болуы шартында (яғни қайталанатын рангтер болмаса), бір мысал , мұнда, 6 фрустрацияға толеранттылық жоғары, 26 фрустрациялық толеранттылық орташа, 10 фрустрацияға толлеранттылық төмен екенін көрсетті. Зерттеу нәтижесін экзистенциялық бағыттағы зерттеушілер мен  педагог-психологтар қазақ тілді тұлғалармен жұмыс жасау барысында қолдана алады.

Түйін сөздер: фрустрация, қарым-қатынас, өзін-өзі қорғау, стресс, мазасыздану, күй, фрустратор.

Авторлардың биографисы

Н. Тоқсанбаева, Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивepcитeтi, Aлмaты, Қaзaқcтaн

(корреспондент автор), психология ғылымдарының докторы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, e-mail: n.toksanbaeva@mail.ru

А. Тохтаров, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қaзaқcтaн

педагогика және психология мамандығының 2-курс докторанты, e-mail: akniet.mukhtaruly@mail.ru

Х. Наубаева, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қaзaқcтaн

психология ғылымдарының докторы, педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, e-mail: n.hapiza--58@mail.ru

Д. Оразбекова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қaзaқcтaн

мәдениет және өнер кафедрасының аға оқытушысы, e-mail: d.orazbekova1@mail.ru

Г. Алтаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қaзaқcтaн

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, e-mail: gulnar.a1969@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Тоқсанбаева N. ., Тохтаров, А. ., Наубаева K. ., Оразбекова D. ., & Алтаева G. . (2024). АДАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУЫНА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФРУСТРАЦИЯЛЫҚ КҮЙІНДІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 89(2), 51–60. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.05