ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР РӨЛІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.09Аннотация
Бұл зерттеу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жүзеге асыруда әлеуметтік бағдарламалардың қазіргі ерекшеліктері, оны жүзеге асыру қиындықтары мен кемшіліктерін талдауға бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты - әлеуметтік бағдарламалардың бизнестің жауапкершілігін тиімді жүзеге асыруға әсер ету механизмін анықтау. Әлеуметтік бағдарламалар адамдардың өздігінен шеше алмайтын әлеуметтік мәселелерін шешуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған. Мақалада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда әлеуметтік бағдарламалардың рөлін анықтау мақсатында 2023 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік бағдарламалардың дұрыс жұмыс істемеуі мен оларды жүзеге асыру механизмдерінің толық қанды нәтижелерге жеткізбегенін көрсетеді. Зерттеу көрсеткендей, қызметкерлер өздерінің өмірінде маңызды оқиғаларға басшылық тарапынан қолдау жасап, көмек көрсетулерін қалайды екен. Алынған зерттеу нәтижелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен дамытуда әлеуметтік бағдарламалардың бәсекелестік деңгейін арттыру мен теңсіздікті болдырмауға бағытталған жұмыс сапасын арттыру қажеттілігін көрсетеді. Сондай-ақ, осы талдау әлеуметтік бағдарламалардың мемлекет тарапынан реттелу маңыздылығын айқындайды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуда әлеуметтік бағдарламаларды орындау және оны одан әрі зерттеу практикалық маңызға ие.
Түйін сөздер: корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлер, әлеуметтік инвестиция.