ХИДЖАБТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ: ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ SCOPUS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ (2002-2022 ЖЫЛДАР) НЕГІЗІНДЕ БИБЛИОМЕТРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.06Аннотация
Хиджабты зерттеудегі әлеуметтанулық аспектілер әйелдер арасында оны киюдің діни тәжірибесінің артуы тұрғысынан ғылыми қызығушылық пен оны зерттеу келешегін арттыруда. Мақалада R Studio және VosViewer сияқты деректерді талдаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып, библиометриялық талдауға негізделген «жаңа оптика» ұсынылған, бұл авторларға ғылыми жарияланымдардағы белсенділіктің ықтимал тенденциялары мен кезеңдерін анықтауға және жүйелеуге мүмкіндік берді.
Мақаланың мақсаты – тақырыпты дамытудың негізгі тенденциялары мен динамикасын анықтау, сондай-ақ 2002 жылдан 2022 жылға дейінгі соңғы жиырма жылдағы ғылыми білімнің зерттелетін саласын сипаттайтын тақырыптық кластерлерді қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыс аясында авторлар библиометриялық әдістемені қолданды, оның ішінде 303 жоғары сілтеме жасалған ғылыми жарияланымдар, 10 ең ықпалды журналдар мен хиджабты зерттеуде тәжірбиелі елдердің деректер жинағына талдау жасалды. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы дін әлеуметтануы саласындағы одан әрі зерттеулерге негіз болып табылады.
Мақала ҚР ҒжЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде дайындалды (AP19679699 «Қазақстандық жастардың діндарлығы/руханилығы, әл-ауқаты және бірегейлігі: салыстармалы елішілік зерттеу»).
Түйін сөздер: әлеуметтік құрылым, әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, діни бірегейлік, сенім, діни сенім.