ЕКІНШІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АУЫСУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.07
        178 136

Аннотация

Мақалада екінші демографиялық ауысу теориясы (Second Demographic Transition, SDT) және оның қазіргі әлеуметтік-демографиялық процестерді түсіндіруге көмектесетін негізгі элементтері қарастырылады. Бұл теория таза демографиялық өзгерістердің өзгеруімен де, қазіргі қоғамдағы институционалдық, идеологиялық өзгерістермен де байланысты. Екінші демографиялық ауысу теориясы отбасылық-демографиялық салада болып жатқан өзгерістердің әртүрлі вариацияларын ескереді.

Бұл мақаланың мақсаты – екінші демографиялық ауысу теориясының негізінде жатқан концептуалды элементтерді талдау. Екінші демографиялық ауысу теориясына және оның тұжырымдамаларын анықтауға байланысты ғылыми жұмыстарды кеңірек қамту үшін VOSviewer бағдарламасы қолданылды. Бұл құрал SDT саласындағы әлемдік зерттеулерді тиімді іздеуге және оның негізгі элементтерін графикалық түрде ұсынуға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер негізінде екінші демографиялық ауысу теориясының назары неке, отбасы, туу, некесіз тұру және ажырасу сияқты салалардағы өзгерістерді концептуализациялауға бағытталғандығы анықталды.

Екінші демографиялық ауысу теориясы халықтың демографиялық мінез-құлқына айтарлықтай әсер ететін қоғамның дамуындағы айқын белгісіздік жағдайында жоғары тұжырымдамалық мәнге ие. Оның түсіндірме және аналитикалық мүмкіндіктері қазіргі демографиялық өзгерістерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, бұл демографиялық саясатының тиімділігін арттыруы мүмкін.

Кілт сөздер: екінші демографиялық ауысу, отбасы, неке, туу, некесіз тұру.

Жүктелулер

Как цитировать

Valitova, Z. K., & Yessimova, A. B. (2023). ЕКІНШІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АУЫСУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 74–84. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.07