ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕПАТРИАНИЗМ: ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ (ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.08Аннотация
Экономика мен геосаясатта болып жатқан қарқынды өзгерістер жағдайында біздің алдымызда этникалық қазақтар үшін репатриант терминін анықтаудың тұжырымдамалық тәсілдерін зерттеу, сондай-ақ оларды бейімдеудің әлеуметтік факторларын анықтау міндеті тұр. Зерттеудің мақсаты "қандас" терминін енгізудің өзектілігін және оның "оралман" терминінен артықшылығын анықтау, сондай-ақ әлеуметтік сауалнаманың сандық әдісі арқылы әлеуметтік бейімделу факторларын анықтау болды. Зерттеу сұрағы: респонденттердің әртүрлі санаттары "оралман" терминінің орнына жаңа "қандас"терминін енгізуге келісе ме?
Зерттеудің негізгі тұжырымдары келесі гипотезаларды қолдайды:
- Тарихи отанына оралған этникалық қазақтар үшін "қандас" термині "оралман"терминіне қарағанда қолайлы.
- Қандастардың жынысы Қазақстан азаматтарының олармен қарым-қатынас жасау қалауларына әсер етпейді.
- Қандастардың жасы Қазақстан азаматтарының олармен қарым-қатынас жасау қалауларына әсер етпейді.
- Қандастарды Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қоныстандыру анағұрлым қолайлы.
2022 жылғы 20 шілдеден 2023 жылғы 20 наурызға дейінгі кезеңде респонденттерге коммуникация байланыс тәсілі арқылы жазбаша түрде әлеуметтанулық сауалнама тапсыру түрінде, сондай-ақ 2023 жылғы 3 сәуірден 2023 жылғы 9 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағында google-форма пайдалана отырып, байланыссыз онлайн-сауалнама түрінде жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде респонденттердің қандастармен жыныстық және жас ерекшеліктері бойынша қарым-қатынас жасаудағы кімді артық көретіні, сондай-ақ қандастарды қоныстандыру үшін оңтайлы аймақ анықталды. Зерттеудің ғылыми құндылығы қандас иммиграциясы саласындағы ғылыми жаңалық болып табылатын гипотезаларды растау. Зерттеу қорытындыларының практикалық маңыздылығы Қазақстанның солтүстігіндегі қандастарды интеграциялаудағы практикалық ұсынымдар үшін социологиялық сауалнама нәтижелерін пайдалану болып табылады.
Түйін сөздер: қандас, көші-қон, әлеуметтік бейімделу.