Дағдарыс жағдайында тұлғаның өзекті функционалды жай-күйінің және өзгерістерге бейімделуінің жас және жыныстық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.02
        107 239

Аннотация

Мақалада адамның дағдарыс кезіндегі шаршау, монотония, психикалық зерігу, стресс сынды өзекті функционалды жағдайының және құмарлық, зеректік, оптимизм, батылдық, бейімділік, сенімділік, екі үштылыққа толеранттылық сынды қасиеттері арқылы өзгерістерге бейімделуінің жыныстық әрі жас ерекшелік айырмашылықтары мен өзгешеліктерін анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеулердің деректері келтірілген. Зерттеу барысында «Өзгерістерге тұлғалық даярлық» A. Ролник, С.Хизер, М.Голд, С.Холл және «Шаршау – Монотония – Зерігу – Стресс» Х.Е. Плас және П. Рихтер сұрақнамалары қазақ тіліне аударылып, бейімделген. «Өзгерістерге тұлғалық даярлық» әдістемесі бойынша Кронбах Альфа өлшемі 0,935 тең болса, « Шаршау – Монотония – Зерігу – Стресс» сұрақнамасы бойынша Кронбах Альфа өлшемі 0,933 тең болды. Әдістемелердің психометриялық көрсеткіштері жоғары болды. Зерттеудің алынған нәтижелері адамның психологиялық өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін зерттеуде позитивті және дағдарыс психологиясының теориялық негізі бола алады, оны практикалық психологтар дағдарыс жағдайында адамдармен жұмыс жасауда тұлғалық және әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту үшін қолдана алады. Зерттеу нәтижелері әр түрлі жастағы және жыныстағы адамдардың өзекті функ-ционалды күйіне және өзгерістерге бейімделуінде айырмашылықтар бар екенін анықтады.

Түйін сөздер: функционалды жай-күй, өзгерістерге бейімделу, дағдарыс, пандемия.

Жүктелулер

Как цитировать

Kassymzhanova, A. A., & Bapayeva, S. T. (2023). Дағдарыс жағдайында тұлғаның өзекті функционалды жай-күйінің және өзгерістерге бейімделуінің жас және жыныстық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 84(1), 13–33. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.02