Жасөспірім қыздардың географиялық орналасуына байланысты STEAM-ді таңдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.05
        108 117

Аннотация

STEM салаларында гендерлік теңдікке қол жеткізу өте маңызды. Алайда, әйелдер бұл аймақты еркектерге қарағанда аз таңдайды. Бұл таңдауға ең алдымен гендерлік стереотиптер әсер етеді. Бірақ, біз бұл мәселеде қосымша факторлар болуы мүмкін деп ойлаймыз. Біз соның бірін осы зерттеу жұмысында анықтауға тырысып көрдік: географиялық орналасуы. Бұл зерттеудің мақсаты - қалалық және ауылдық қыздардың STEM карьерасы туралы пікірін анықтау. Зерттеу барысында біз қалалық және ауылдық мектептерден жасөспірімдердің мансаптық қызығушылықтары мен мамандық таңдауын зерттедік. Зерттеулерде сауалнама қолданылды, өйткені олар деректерді жинаудың ең тиімді әдісі болды және үлкен аумақтарды қамтыды. Нәтижесінде, қалалық әйелдер STEM салаларына көбірек қызығушылық танытты және олармен айналысады, және олардың әйелдер басым болатын аймақтарды таңдау ықтималдығы аз. Сонымен қатар, STEM-ге байланысты сыныптан тыс жұмыстарға аз қатысу ауылдық жерлердегі ерлер мен әйелдер арасында байқалды, бұл ауылдық мектептерде STEM ресурстары аз екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижесінде біз STEM саласындағы гендерлік айырмашылықты тудыратын факторлар жайлы ой түйдік. Бұл өз кезегінде білім беру саясаты мен басқаруға айтарлықтай әсер етеді.

Кілт сөздер: гендерлік теңдік, STEM, ауылдық өңір, қалалық өңір, орта мектеп оқушылары, мамандық таңдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Adilbay, K. K. (2022). Жасөспірім қыздардың географиялық орналасуына байланысты STEAM-ді таңдауы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 82(3), 48–55. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.05