Қазақстандағы ішкі көші-қон мотивтері: үш ірі қала мысалында салыстырмалы талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.021
        247 225

Аннотация

Ішкі көші-қонды зерттеу елдегі кеңістіктік процестер мен құрылымдық өзгерістерді түсіну және түсіндіру үшін қызмет етеді. Осы тұрғыда кеңістікте кімнің қозғалатынын және қай аймақтардың көлемі ұлғайғанын анықтау өзекті және маңызды болады. Ішкі көші-қон дәстүрлі түрде урбанизация жағдайында қарастырылады, яғни қалалардағы құрылымдық өзгерістер оларды ауылдық жерлерден қоныс аударушылар үшін тартымды орындарға айналдырады. Бұл мақаланың мақсаты – ішкі мигранттарды елдің ірі қалаларына, атап айтқанда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына көшу себептерін анықтау және салыстырмалы талдау. Зерттеуде мәліметтерді жинау үшін респондент басқаратын іріктеу әдісі (Respondent-driven sampling) қолданылды. Мақсатты аудитория – 18 және одан жоғары жастағы ішкі мигранттар. Жалпы іріктеу көлемі 1200 адамды құрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ірі қалаларға көші-қон қозғалысының елеулі бөлігі әлеуметтік-экономикалық себептермен, ең алдымен жұмыс іздеу, жоғары оқу орнына түсу, өмір сүру жағдайларын жақсарту және балалардың болашағын қамтамасыз ету ниетімен анықталады. Ішкі мигранттардың аталған қалаларға көшу мотивтерінде айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Қорытындыларды кейінірек көші-қон саясаты мен қаланы басқарудың белгілі бір шараларын болжау және қабылдауда пайдалануға болады.

Түйін сөздер: қала, ішкі мигранттар, үлкен қала, көші-қон, көшу мотивтері, ауыл.

Жүктелулер

Как цитировать

Serikzhanova, S. S., & Zhanuzakova, A. A. (2022). Қазақстандағы ішкі көші-қон мотивтері: үш ірі қала мысалында салыстырмалы талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 219–230. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.021