Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы және халықтың бақыт деңгейінің динамикасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.016
        204 575

Аннотация

Адамдардың өмірінің сапасы олардың не істеп жатқанына ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамда не болып жатқанына және оның әртүрлі жерлерде адамдарға қалай әсер ететініне байланысты. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты мен өлшемі адамдардың бақытын ілгерілету екендігі орынды дәлелденді. Аталмыш мақала тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы үш кезеңдегі жаңғыру нәтижесінде Қазақстан халқының бақыт деңгейінің көрсеткішін зерттеуге арналған. Қазақстандағы бақыт туралы зерттеулерге шолу жасалынады. Дүниежүзілік бақыт туралы мәліметтер дерекқорына сүйене отырып елдің 2000-2020 жылдардағы бақыт деңгейінің орташа көрсеткіші және оның бақыт рейтингіндегі орны анықталды. Қазақстандағы бақыттың құрамдас бөліктері мен бақыт теңсіздігін, бақытқа әсер етуші факторларды қарастыра отырып, басқа елдермен салыстырмалы талдау жасалынады. Қазақстан халқының бақыт деңгейі әлемдегі елдермен салыстырғанда орта деңгейден төмен болғанына қарамастан, Азия және посткеңестік елдер арасында жоғары деңгейді көрсетіп тұр. Қазақстандықтардың бақыт моделі басқа елдермен салыстырғанда ерекшеленеді, қазақстандықтардың бақытына әсер ететін факторлардың маңыздылығында да айырмашылықтар бар. Қазақстандағы бақыттың орташа деңгейінің артуы елдегі жүзеге асырылған жаңғыру кезеңдерінің халыққа пайдасын тигізіп, олардың өмірге деген қанағаттану деңгейіне әсер еткенін көрсетеді. Жалпы, Қазақстандағы бақыттың орташа деңгейінің артуы елдегі реформалардың халыққа пайдасын тигізіп, олардың өмірге деген қанағаттану деңгейіне әсер еткенін көрсетеді.

Түйін сөздер: жаңғырту кезеңдері, бақыт деңгейі, өмір сүру сапасы, субъективті әл-ауқат, әлемдік рейтинг, салыстырмалы талдау.

Жүктелулер

Как цитировать

Jamanbalayeva, S. E., & Tlenchiyeva, S. M. (2022). Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы және халықтың бақыт деңгейінің динамикасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 165–175. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.016