Кәсіби-спортшылар мен әуесқой-спортшылардың жарыстарға дайындық кезеңіндегі спорттық мотивацияның ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.07
        162 247

Аннотация

Спорттық мотивацияны зерттеудің өзектілігі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатымен, кәсіби спортты дамытумен, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастырумен де байланысты. Спорттық мотивацияны зерттеудің проблемалық өрісі кәсіби және әуесқой спортшылардың мотивациялық құрылымдарын салыстыру арқылы беріледі. Зерттеудің мақсаты: жарыстарға дайындық кезеңіндегі спортшылардың мотивациялық жүйесінің ерекшеліктерін зерттеу. Жұмыста таңдалған диагностикалық бірліктерге сәйкес келетін 3 әдіс қолданылды: В.И. Тропниковтің «Спортпен айналысу мотивтерін зерттеу» әдісі; Е.А. Калининнің «Спорттық іс- әрекет мотивтері» сауалнамасы (СІМ); Д.А. Леонтьев пен Е.И. Расказованың бейімделу, төзімділік сынағы. Алынған нәтижелер көрсеткендей, кәсіпқой да, әуесқой спорт түрлері де спортшыларға төзімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыратын ұқсас талаптарды қояды, алайда кәсіпқой және әуесқой спортшылардың жарыстарға дайындық кезеңінде олардың реакциялары мен мінез- құлқына әсер ететін әртүрлі мотивациялық профильдері бар және бұл ерекшелік мотивацияда спортшылардың жарыстарда сәтті өнер көрсетуі үшін жаттығу процесінде ескеру маңызды. Кәсіби спортшыларды әуесқой спортшылардан ерекшелендіретін мотивациялық профильдің ерекшелігі ынталандыру мотивтерінің, материалдық игіліктердің, беделдің және ұжымшылдық бағыттың маңыздылығы болып табылады. Әуесқой-спортшыларды кәсіпқой-спортшылардан ерекшелендіретін мотивациялық профильдің ерекшелігі физикалық жетілдіру және әл-ауқат пен денсаулықты жақсарту мотивтерінің маңыздылығы болып табылады.

Түйін сөздер: спорттық мотивация, мотивациялық профиль, спортшылардың мотивациялық сферасы, төзімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Krasmik, Y. N. (2022). Кәсіби-спортшылар мен әуесқой-спортшылардың жарыстарға дайындық кезеңіндегі спорттық мотивацияның ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 60–68. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.07