Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастырудың психологиялық аспектілері

Авторлар

  • P. B. Dautkaliyeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-4703-5238
  • T. V. Chernikova Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Ресей, Волгоград қ. http://orcid.org/0000-0001-6939-9038
  • A. G. Sadreimova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5676-0752

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.03
        132 343

Аннотация

Мақалада педагогикалық мамандықтар студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптасты- рудың психологиялық аспектілері қарастырылған, сонымен қатар университет студенттерінің мотивациясының құрылымын эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған. Болашақ мамандар- ды даярлауға қойылатын заманауи талаптар жоғары оқу орнының алдына студенттердің кәсіби дайындығын және мотивациясын қалыптастыру міндеттерін қояды. Белгілі бір педагогикалық мамандықты игерген қазіргі заманғы түлек болашақ педагогикалық іс-әрекеттегі жоғары ын- таландыру, ұтқырлық, мақсаткерлік және білім беру саласында бәсекеге қабілеттілік сияқты сипаттамаларға ие болуы керек. Демек, студенттердің кәсіби қызметте өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылуына ықпал ететін кәсіби мотивацияны қалыптастыру мен дамытуды ұйымдастыру үшін психологиялық-педагогикалық шарттарды жасау керек. Педагогикалық мамандық студенттерінің қалыптасқан кәсіби мотивациясы рухани және адамгершілік құндылықтарының тұрақты жүйесі бар құзыретті, мобильді, жауапты болашақ мектеп педагогын қалыптастыруға ықпал етеді. Педагогикалық мамандықтардың студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру бұл арнайы, ғылыми негізделген диагностика, талдау мен дамыту әдістерін қажет ететін психологиялық- педагогикалық процесс. Сондықтан бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі студент жастардың кәсіби мотивациясын қалыптастыру болып табылады. Кәсіби мотивация дегеніміз – тұлғаның болашақ кәсіби қызметін меңгеруге ынталандыратын және бағыттайтын факторлар мен процестердің жиынтығы. Жеке тұлғаның кәсіби білімін тиімді дамыту кәсіби құзыреттілікті дамытудың ішкі детерминанты болып табылатын кәсіби мотивацияны қалыптастырудың жоғары деңгейінің даму жағдайында ғана мүмкін болады.

Түйін сөздер: ЖОО студенттері, кәсіби мотивация, модель, мотивация құрылымы, өзін-өзі ұйымдастыру, педагогикалық мамандық, психологиялық-педагогикалық жағдайлар.

Жүктелулер

Как цитировать

Dautkaliyeva, P. B., Chernikova, T. V., & Sadreimova, A. G. (2022). Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастырудың психологиялық аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 23–32. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.03