Ресей территориясындағы қазақтардың сакральді география ескерткіштеріне қатысты пікірлері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.09
        82 88

Аннотация

Қазақ халқының киелі орындарының мәдени-географиялық белдеуін қалыптастыру үшін шетелдегі қазақтың тарихи тұлғаларымен байланысты киелі нысандар мен маңызды жерлерді іздестіру және зерттеу өте маңызды іс.Мақалада шекаралық аймақта өмір сүретін қазақтардың Ресейдегі қазақ халқының киелі ескерткіштеріне деген қызығушылық деңгейі, олардың өміріндегі киелі жерлер туралы түсініктер, киелі нысандар туралы білім көздері талданады. Мақала Ресейдің Қазақстанмен шектесетін 4 облысындағы далалық экспедицияның сандық және сапалық әдістермен өңделген материалдарына негізделген. Мақалада 2021 жылдың тамыз айында Астрахань, Волгоград, Саратов, Орынбор облыстарындағы қазақтарға жүргізілген квота- аумақтық іріктеу социологиялық зерттеуінің нәтижелері берілген.

Зерттеудің маңыздылығы ұлттық бірегейлік негізін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында, қазақтардың рухани киелі орындары туралы білімді халық арасында, ең алдымен жастар арасында таратудың бағыттары мен жұмыс мазмұнын анықтауға негіз болады. Концептуалды тәсіл ретінде жадпен жұмыс істеу «байланыс» тәсілі ретінде қолданылған, бірақ бар қарым-қатынастарды жаңғырту ғана емес. Бақылаулар мен қорытындылар, ұсынылған концептуалды көзқарас және зерттеу нәтижелері осы мәселе бойынша теориялық және эмпирикалық жобаларды одан әрі тереңдете зерттеуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: сакральді география, киелі жерлер, ресейлік қазақтар, есте сақтау орындары, кесенелер, мәдени мұра.

Жүктелулер

Как цитировать

Kaliyeva, Z. A., Nurgaliyeva А. M., & Amen, A. Z. (2022). Ресей территориясындағы қазақтардың сакральді география ескерткіштеріне қатысты пікірлері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 102–111. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.09