Жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары білімалушыларының тілдік қалауы: лонгитюдті зерттеу нәтижелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.08
        99 323

Аннотация

Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасыдағы қазіргі көптілділік тіл саясатын жүзеге асыру контексінде жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары оқушыларының тілдік бейімделуін зерттеудің нәтижесін сараптау болып табылады. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың тілдік стратегиясы мен тактикасын анықтау және олардың тілдік қолданысын әлеуметтік тәжірибеде жүзеге асыруына зерттеулер жүргізу. Зерттеудің негізгі бағыттары білім алушылардың әлеуметтенудің әр түрлі деңгейіндегі қарым-қатынастағы тілдік қалауларын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін бағалауды, жаһандық желіде мемлекеттік тілдің қолданылуын көрсетуді, латын әліпбиіне және жалпы көптілділікке қатысын қамтиды. Зерттеу жұмысының маңыздылығы – еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыруда білім алушылардың заманауи тілдік қалауларын және тілге бейімделу тәсілдеріне зерттеу жүргізу арқылы ұсыныстар әзірлеу. Әдіснамасы – ғылыми мақаланы жазу барысында қолданылған әдістер ретінде сандық және сапалық, салыстырмалы талдау әдістерін атауға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: мемлекеттік тілді дамыту байырғы этностың міндеті болып қала береді; тілдік даму негізінен екі бағытта жүреді – отбасы және оқу, қалған әлеуметтік орта негізінен екі тілді қолданады; көптілділік әлі де жастар арасындағы ауқымды тілдік практика ретінде қалыптаспаған; ҚР-да шағын этностарының өкілдері өздерінің әлеуметтенуі мен бейімделуінің тілі ретінде мемлекеттік тілді емес, орыс тілін қалайды.

Түйін сөздер: мемлекеттік тіл, көптілділік, қостілділік, тілдік бейімделу.

Жүктелулер

Как цитировать

Italmassova, R. B., Abenova, K. A., & Satybaeva, A. U. (2022). Жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары білімалушыларының тілдік қалауы: лонгитюдті зерттеу нәтижелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 91–101. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.08