Қытайдың Орталық Азия елдеріндегі “Бір белдеу, бір жол” бастамасын қабылдау дискурсы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.04Аннотация
“Бір белдеу, бір жол” бастамасы жыл сайын Орталық Азия елдерінің халқы арасында кеңінен танымал болып келеді. Ақпараттық кеңістік бұл тақырыпты да назардан тыс қалдырмайды. Біз “Қытай Орталық Азиядағы инвестицияларды ұлғайтуда”, “Қытай Өзбекстанда немесе Қазақстанда жаңа зауыт салуда”, “Қытай Орталық Азия арқылы экспортты ұлғайтуда” және т.б. тақырыптары бар мақалаларды жиі кездестіреміз. Қазіргі заманғы технологиялар мен әлеуметтік желілердің дамуы көптеген тәуелсіз БАҚ-тарға бүгінгі болмысын көрсетуге мүмкіндік береді. Демек, осы елдердің ақпараттық кеңістігінің дискурсын талдай отырып, Қытай мен BRI Қытай бастамасы қоғамда қалай қабылданатынын көруге болады. Осыған байланысты, аталған зерттеудің мақсаты – Қытай инвестициялары және BRI қытайлық бастамасы тақырыбындағы қазақстандық, қырғыз және өзбек дискурстарын талдау. Бұл зерттеудің маңыздылығы – BRI бастамасын әлеуметтік қабылдауды қарастыратын жұмыстар өте аз. Көптеген еңбектер осы жобаның экономикалық, саяси немесе логистикалық ерекшеліктерін көбірек сипаттайды. Зерттеу әдісі ретінде қазақстандық, қырғыз және өзбек БАҚ-тарының дискурсы таңдалды. Зерттеу барысында барлығы 117 мақала орыс, қазақ, қырғыз және өзбек тілдерінде талданды. Мақаланы әр түрлі жаңалықтар сайттарында “Қытай”, “BRI”, “Қытай инвестициялары” және “Қытай жобалары” деген кілт сөздері арқылы қарастырылды. Сондай-ақ, зерттеу сипаттамалық мәнге ие және Қытай мен Қытайдың BRI бастамасын қабылдау контексіне негізделген. Зерттеу нәтижелері бұл елдердегі дискурс өте алуан түрлі және ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін көрсетті. Зерттеудің маңыздылығы қазіргі уақытта осы тақырып бойынша салыстырмалы зерттеулер онша көп емес, өйткені көптеген авторлар ток кейсі ретінде бір елді ғана қарастырады.
Түйін сөздер: “Бір белдеу, бір жол” бастамасы, Жібек жолы, Орталық Азия, Қытай.