Цифрлық дәуірдегі жастардың тұтынушылық мінез-құлқының заманауи трендтері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.14
        766 633

Аннотация

Мақалада қазіргі жастардың тұтынушылық мінез-құлқының заманауи заңдылықтары және олардың желідегі өзара әрекеттесудің әлеуметтік технологияларын дамыту шарттары бойынша өзгерістері талданады. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі әлемде әлеуметтік медиа жастардың тұтынушылық мінез-құлқы мен стилін қалыптастыруға әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналуымен байланысты. Instagram, Facebook, TikTok, VK және т.б. платформалар арқылы жастар әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болып табылады және олардың тұтыну стилі өзгеріп, жүзеге асырылады. Бұл үрдіс әрбір өндірушінің әлеуметтік желілерде өз беті бар және өз өнімдерін ұсынатындығына байланысты. Сондай-ақ, әйгілі брендтер, әсіресе киім және косметика саласында, клиенттерді қызықтыратын жаңа және жарқын бейнелерді жасай отырып, өз тауарларын танымал ету үшін атақты адамдарды тартады. Мақалада Х. Ола, Б. Рима, Е. Мустакас, К. Джонид және басқа да әлеуметтанушылар мен зерттеушілер жүргізген зерттеу тақырыбындағы қайталама деректерді талдау келтірілген. Авторлардың ерекше назары дамыған желілік өзара әрекеттесу технологиясы бар қазіргі қоғамдағы жастардың тұтыну стилінің өзгеруін зерттеуге бағытталған. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге терең талдау жасалды және әлеуметтік медиадағы тұтынушылық мінез-құлық типологиясы ұсынылды.

Түйін сөздер: тұтыну стилі, жастар, тұтынушылық мінез-құлық, әлеуметтік медиа.

Жүктелулер

Как цитировать

Kamal А. М., & Shnarbekova М. К. (2021). Цифрлық дәуірдегі жастардың тұтынушылық мінез-құлқының заманауи трендтері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 77(2), 127–132. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.14