Мұғалімдердің жас ұрпақты дамытудағы рөлі: Қазақстандағы социологиялық сауалнаманың нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.013Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы мұғалімдердің рөлі туралы социологиялық зерттеудің кейбір нәтижелері келтірілген. Зерттеуді тәуелсіз зерттеу ұйымы – «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» жүргізді, бұл Қазақстанның барлық аймақтарын, қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтитын ауқымды ғылыми жоба. Сегіз және он жеті жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында эмпирикалық зерттеу сауалнама жасау арқылы жүргізілді. Өз кезегінде зерттеу нысаны болып балалар мен жасөспірімдер 8-12 және 13-17 жас аралығына қарай екі топқа бөлінді. Осы жас аралығындағы 2005 респондент арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері мұғалімдердің бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратындығын, олар балаларда жауапкершілік пен бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелейтіндігін көрсетті. Мұғалімдер балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік және ұлттық бірегейлікті қалыптастырады және жеке тұлғаны қалыптастыру процесін және тәрбие жұмысын жүргізеді. Нәтижелер, сонымен қатар, мектеп мұғалімдері балалардың дүниетанымын қалыптастыруда отбасыларынан кейінгі екінші орында екенін көрсетеді. Тәрбиелік функцияларымен қатар мұғалімдер қорғаушылар мен кеңесшілердің рөлін атқарады, өйткені кәмелетке толмаған әрбір бесінші бала өзінің шешілуі қиын мәселелері бойынша мұғалімдерден көмек сұрайды.
Түйін сөздер: мұғалімдер, балалар мен жасөспірімдердің дамуы, білім алу, мұғалімдердің рөлі, мектеп және мұғалімдер, әлеуметтік сауалнама.