Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және психологиялық мәдениеті

Авторлар

  • А. Zh. Аyaganova Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қазақстан, Қызылорда қ.
  • А. B. Тurgazy Практик-психолог, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.010
        125 202

Аннотация

Мақалада мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және психологиялық мәдениеті қарас- тырылады. Жаңа реформаларды енгізу, азаматтық қоғам қалыптастыру және халық пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл сипаты мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігінен тәуелді болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне және беделіне де байланысты екені анық. Осы орайда қазіргі таңда жаңа формациядағы мемлекеттік қызметші қалыптастыруда олардың имиджімен тікелей байланысты кәсіби және психологиялық мәдениетін негіздеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылған мәселелерге орай бұл мақалада мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және психологиялық мәдениетінің құрылымдары мен көрсеткіштері талданады. Кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің мінез сипаттамалары мен құндылықтары зерделенеді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеттілік мәні сипатталады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және психологиялық мәдениет компоненттерін негіздеу мақаланың басты мақсатының бірі болып табылады. Мақалада кәсіби мәдениетті құндылықтар кешені мен мінез-құлық нормалары құрайтындығы тұжырымдалады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті мінез-құлық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал психологиялық мәдениет негізінде мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттері жатыр.

Тәжірибелік жұмыста мемлекеттік қызметшілердің психологиялық мәдениетінің 8 компоненті айқындалды. Әрбір компонентке сипаттама беріліп, мемлекеттік қызметшілердің көзқарасында олардың маңыздылығы зерделенеді.

Тәжірибеде көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілердің психологиялық мәдениеті олардың өзіндік санасымен, өзіндік танымымен, қоршаған ортамен және өзіне қатынасымен, өзінің іс- әрекетін реттеуімен, өзіндік бағалауымен, мансаптық өсу жолындағы талаптану деңгейімен тұжырымдалады.

Түйін сөздер: кәсіби және психологиялық мәдениет, құндылықтар, психологиялық мәдениет компоненттері.

Жүктелулер

Как цитировать

Аyaganova А. Z., & Тurgazy А. B. (2021). Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және психологиялық мәдениеті. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 104–112. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.010