Самоэффективность и социальное поведение студентов высшей школы: социально-психологические аспекты
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v75.i4.05Аңдатпа
Мақала өзекті тақырыпқа – жоғары мектеп білім алушыларының әртүрлі өмірлік жағ- дайлардағы мінез-құлқына арналған. Бұл мақаланың мақсаты – тұлғалық үйлесімділік деңгейі, білім алушылардың бойындағы субъективтілік пен өзіндік тиімділік ерекшеліктері арасындағы байланысты зерттеу. Авторлар өзіндік тиімділікті өзінің мінез-құлық құзыреттілігін бағалау тұжырымдамасы ретінде түсіндіреді. Өз іс-әрекеттерін қадағалай алу, қадағалай алмау жағдайы, өзінің қабілет-қарымына деген күмәні мен сенімділігі, адамның күйімен, оның локустары мен жеке ерекшеліктерімен, жағдайды қабылдау мен талдаудың жеке ерекшеліктерімен, бейімделгіш мінез-құлық сипатымен және тұлғаның үйлесімділік деңгейімен органикалық түрде өзара байланысты екендігі атап өтілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, студенттің өзіндік тиімділігі көрсеткіші және субъектілік ерекшеліктері мен тұлға үйлесімділігі компоненттері арасындағы тікелей байланыстар ашылды. Зерттеу барысында авторлар, жасына қарамастан және адамның өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін оның орналасқан жағдайын түсіну қажет екенін, адамның өз пікірі бойынша қажет болып көрінетін шешімдерді таңдай білу қажет екенін атап көрсетеді. Жас ерекшелігіне қарамастан, адам өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін өзінің жағдайын түсініп, соған байланысты оны шешудің қажетті және маңызды болып есептелінетін тәсілдерін таңдай білуі керек.
Түйін сөздер: адами қасиеттер, адамның мінез-құлқы, қоғам, студент жастар, өзіндік тиімділік, үйлесімді тұлға, субъективтілік.









