Практика использования метода «Письмо-прощение» для разрешения эмоциональных проблем
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v75.i4.04Аңдатпа
Мақалада реніштің пайда болуының басты себептері және кешірімнің адам үшін маңызды- лығы туралы жазылған. «Кешірім-хат» техникасы және оны жазған студенттердің пікірлері сипат- талған. Зерттеуге, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенттері
қатысты. Мақалада студенттердің жазған хаттары бойынша ең қызық пікірлер жазылған. Зерттеудің басты мақсаты – кешірімді жан-жақты зерттеп, оның эмоционалды күйге әсерін тексеру. Зерттеу нысаны – жиырма төрт студент. Кешірім зерттеу пәні ретінде қарастырылады. Жалпы гипотеза – кешірім эмоционалды күйге жағымды әсерін тигізеді. Мақалада реніштің біртіндеп жиналуы, пайда болу, себептері және негізгі артықшылықтары қарастырылған. Кешірім – эмоцияларды реттеу процесі ретінде адамның денсаулығына және психикасына әсер етеді. Осы артықшылықтарды ескере отырып, кешіру жолдарын зерттеу міндетті түрде қажет. Бұл әдіс жағымсыз эмоциялардың деңгейін төмендетуге, өз-өзіңді түсінуге және өткенді ұмытуға көмектеседі. Оған студенттердің кері байланысы арқылы көз жеткізуге болады. Бұл әдіс кез келген жасқа жағымды әсер етеді. Қайта қарт адамдарға өте қажет. Позитивті қөзқарас пен эмоционалды тепе-теңдікті сақтаудың өте жақсы құралы. Мақаланың қорытындыларын зерттеу нәтижелері мен студенттердің кері байланысы көрсетеді.
Түйін сөздер: реніш, кешірім, «Кешірім-хат» техникасы, эмоционалды тепе-теңдік.









