Өмір сапасы әлеуметтанулық мәселе ретінде
Кілт сөздер:
өмір сапасы, денсаулық, адам капиталы.Аңдатпа
Бұл мақалада өмірдің сапасы социологиялық қөзқараспен қарастырылады. Сонымен бірге өмір сапасының мәнін сипаттайтын біршама ерекшеліктері көрсетілген. «Өмір сапасы» әлеуметтік категория ретінде қоғамның барлық саласын қамтиды, олар адамдардың өмірін қорытындылайды. Өмірдің сапасын қоршаған орта, жеке және ұлттық кауіпсіздік, саяси және экономикалық бостандық, тұрмыстың сандық өлшемге оңайлықпен берілмейтін тағы басқа шарттары сипатталады. Бір жағынан адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері жеке басына қатысты болады және оның қанағаттану деңгейін субъектілердің өздері ғана бағалай алады. Өмір сапасының компоненттеріне саналы өмір құндылығына бай өмір сүру сапасы, өмір сүру деңгейі және сапалы қоршаған орта жатады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда болашақта өмір сүру сапасының жоғарылауына кедергі болып азаматтардың демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру табылады.









