«Өмір сүру деңгейі» категориясының теориялық аспектісі

Авторлар

  • A. E. Mamunova Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • S. M. Tulenova Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

әлеуметтік топ, әлеуметтік ұйым, өмір сүру деңгейі, мотивация, нарықтық экономика.

Аңдатпа

Бұл мақалада өмір сүру деңгейі әлеуметтік жұмыстың негізгі экономикалық категориясы ретінде
қарастырылған. «Халықтың өмір сүру деңгейі – бұл халықтың әл-ауқатының, игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, адамдардың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру шамасын сипаттайтын жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы». Басқа сөзбен айтқанда, өмір сүру деңгейі қоғамда тұратын адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен даму дәрежесі, ол әртүрлі игіліктерді тұтынумен немесе тұтыну жиынтығының пайда деңгейімен анықталады.
Қазіргі жағдайларда қазақстандық экономистер осы категорияның келесі сипаттамасын ұсынады: «өмір сапасы экономикалық, әлеуметтік және өнегелік құндылықтардың жиынтығын қосады». Бұл жағдайда «еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, бос уақыттың бар болуы мен пайдалану мүмкіншілігі, мәдени деңгейі, азаматтардың қауіпсіздігі» қарастырылады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Sociology