Студенттердің психологиялық капиталын диагностикалау: ағылшын  және орыс тілдеріндегі сауалнамалардың қазақ тіліне бейімделуін салыстыру

Авторлар

DOI:

10.26577/JPsS20269725

Аңдатпа

«Психологиялық капитал» (PsyCap) жаңа феноменін зерттеудің өзектілігі студенттің психикалық денсаулығын және оның тұлғалық тұрақты дамуын сақтау қажеттілігімен байланысты. Зерттеу 2022 жылы В. Маралов, М.Кудак  және О.Смирнованың психологиялық капитал сауалнамасының орыс тіліндегі нұсқасын және 2007 жылы F. Luthans, C.M. Youssef  және  B.J. Avolio  дайындаған «PsyCap-24» ағылшын тіліндегі нұсқасын қазақ тіліне бейімдеу және валидттеуге арналған. Тұлғаның дамуы және оның кәсіби әлеуеті адамның өзіндік тиімділігі, тұрақтылығы және сенімділігі детерминацияланатын индивидтің психологиялық капиталына байланысты болады. Зерттеудің мақсаты - «PsyCap» сауалнамасының ағылшын және орыс тілдеріндегі нұсқаларының бейімдеу және валидтеу сапасын бағалап және  салыстыра отырып, оларды  қазақ тіліне бейімдеу. Мақалада бейімдеу және валидтеу нәтижелері көрсетіледі. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы студенттердің психологиялық капиталы туралы кеңейтілген  эмпирикалық мәліметтердің алғаш рет Қазақстанда алынуымен қорытындыланады. Зерттеу ғылыми-практикалық тұрғыда құнды және еліміздегі психодиагностиканың дамуына үлес қосады. Психометириялық зерттеуде орыс тіліндегі нұсқасын бейімдеу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтынан барлығы 647 студент (N = 647) қатысты. Бұл сұрыптау кездейсоқ таңдалған екі іріктеуге бөлініп көрстелді: N = 447 –EFA (барлаушы-зерттеуші факторлық талдау) N = 200 –CFA (растаушы факторлық талдау). Қайта тестілеуге 115 студент қатысты. Алынған нәтижелер В. Маралов, М.Кудак және О.Смирнованың орыс тіліндегі нұсқасының  уақыттық  тұрақтылығының әлсіздігін байқатады. Қазақ тіліне бейімделген ағылшын тіліндегі нұсқасы  тұлғаның жеке психологиялық капиталын өлшеу үшін сенімді және валидті болып табылады. Нәтижелердің практикалық маңызы Қазақстандық студенттердің психологиялық капиталы бойынша алынған деңгейлердің біртұтастығына байланысты сипатталады. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері PsyCap-24 ағылшын тіліндегі тестінің  қазақ тіліндегі нұсқасын  студенттердің  тұлғалық психологиялық капиталын бағалаудың валидтік құралы ретінде қолдануға болатынын көрсетті.

Түйін сөздер: психологиялық капитал, өзіндік тиімділік, тұрақтылық, оптимизм, үміт, психодиагностика, психометрия.

Автор өмірбаяндары

  • А. Мынбаева, Al-Farabi Kazakh National University

    (корреспондент-автор) – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Алматы, Қазақстан, e-mail: Aigerim.Mynbaeva@kaznu.edu.kz)

  • Б. Әрінова, Al-Farabi Kazakh National University

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ассистент-профессоры,  педагогика ғылымдарының кандидаты (Алматы, Қазақстан, e-mail: baxit-a@mail.ru)

  • К. Молдасан, Al-Farabi Kazakh National University

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (Алматы, Қазақстан, e-mail: moldasank@mail.ru)

  • Д. Шевелева, «Өркен» балалардың әл-ауқатын қорғау жөненідегі ұлттық ғылыми-практикалық институты

    «Өркен» балалардың әл-ауқатын қорғау жөненідегі ұлттық ғылыми-практикалық институты, психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистр (Алматы, Қазақстан, e-mail:  Darya.Sheveleva@outlook.com)

  • Н. Әсілбек, Al-Farabi Kazakh National University

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: nurtang.assilbek@mail.ru)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-19