Толық емес отбасының баланың дамуына тигізетін әсерін психологиялық талдау
Кілт сөздер:
отбасы, өзіндік бағалау, отбасы тәрбиесінің түрі.Аңдатпа
Әлемдік әлеуметтік қайта құрылулар біздің елімізде, сонымен қатар одан тыс аймақтарда да әрбір адамның тәлім-тәрбиесіне, оқуына, білім алуына, өзіндік білім алуына және психологиялық дамуына күннен күнге жоғары міндеттер қояды. Кеңес үкіметі кезіндегі реформалау тәжірибесі сол реформалардың басты кемшілігі оларды жүргізудің әлеуметтік базасының тар болғанында, яғни оларды жүзеге асыруда жастардың көпшілігінің бас тартқанын көрсетті. Соңғы онжылдықта жанұядан үзіліс болып, ата-ана бақылауының төмендеуі, толық емес және жағдайы төмен отбасы- да тәрбие алуы, жасөспірімдерде әлеуметтік жалғыздықтың пайда болуы жасөспірімдер арасын- да формалды емес асоциалды топтардың санының өсуіне, девиантты мінез-құлықтың артуына, алкогольді ішімдіктер мен есірткіні пайдалануға әкеліп соққанын әлеуметтік практика көрсетті. Жасөспірімдердің психикалық дамуын зерттеу оны психологиялық концепцияларда әртүрлі ин- терпретацияланатын негізгі құрылымдардан, яғни жетекші сәттерден тұратын көп қырлы процесс ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жағдайдан, іс-әрекет түрінен, материалдық деңгейден және ата-ананың білімінің деңгейінен тұратын отбасы жағдайы баланың өмірлік жолын қалыптастырады. Балаға саналы және мақсатты тәрбиеден басқа жалпы отбасы ішілік атмосфера әсер етеді. Сондықтан да, бала өзінің қажетті екенін және бақытты екенін сезінетін тату отбасыда өскені маңызды. Жасөспірімдік кезеңде ата-аналар мен балалар арасында ең алдымен, жас аралық қашықтықпен байланысты «ұрпақтар» қақтығысы орын алады. Қазіргі заман әрбір ұрпақ арасында келіспеушілік болатынын және әрбір ұрпақ өз кезеңінде жаңа технологиялармен өмір сүретінін қабылдады. Та- рихта әке мен ананың жанұяда өз орындары болып, әртүрлі функциялар атқаратыны қалыптасқан. Соған сәйкес әкелік тәрбиенің ана тәрбиесінен айырмашылыға болатыны анық. Кез келген толық отбасы баланың тәрбиесі мен толыққанды дамуына жақсы орта бола алмай- ды. Алайда, отбасыда әке мен ананың болуы баланың психикалық денсаулығын сақтауға байла- нысты көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұны толық емес отбасы мәселесін зерттеу- мен айналысқан мамандар дәлелдеді және казіргі таңда да осы мәселені дәлелдеу үстінде. Әсіресе, баланың толық емес отбасыда тәрбиеленуі мен оның өзінің отбасы құра алмауының арасындағы статистикалық байланысы айқындалады. Толық емес отбасыда тәрбиеленген ерлі-зайыптыларда некенің бұзылуы көбірек орын алады.









