Заңсыз еңбек мигранттарының еңбек нарығына тигізетін әсері
Кілт сөздер:
миграция, еңбек мигранттары, заңсыз мигранттар, монополизация.Аңдатпа
Бұл мақалада миграциялық процестер мен еңбек мигранттары және олардың заңсыз сипатқа ие болу мәселелері қарастырылған. Мақаланың зерттеу объектісі заңсыз еңбек мигранттары, ал пәні ретінде оның қоғам құрылымына негативті әсері болып табылады.
Бұл мәселені зерттеу нәтижесінде миграциялық процестерге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар анықталды, ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері талданып және келесі қорытындылар жа- салды: жергілікті халықтың жергілікті еңбек нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі, елдегі әлеуметтік қысымға алып келетін экономикалық белсенді секторларының мигранттармен монополизациялануы мәселелері анықталды.









