Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі тәжірибесі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.16Аңдатпа
Аталмыш мақала пост-кеңестік елдердің, соның ішінде Қазақстанның білім беру саласында қалыптасқан ахуалды талдауға бағытталған. Кеңестік жүйенің құлауы Қазақстанға елеулі ықпал етті: жетекші пост-кеңестік жоғары оқу орындарымен көптеген байланыстардың тоқтауы жоғары мектеп инфраструктурасының толық өзгеруіне әкелді. Кейінгі онжылдықта арнайы орта білім беру деңгейінің қысқаруы мен кәсіби-техникалық училищелердің жабылуы мектеп түлектерінің білім берудің жоғары деңгейіне тікелей өтуіне әсер етті және сәйкесінше жоғары білімге деген сұранысты арттырды. Қазіргі кезде жаңа мүмкіндіктер шетелде білім алуға, ғылыми тағылымды өтуге, мемлекеттік грант негізінде ақысыз білім алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, сапалы білім алуда дифференциация кездеседі және әлеуметтік әлсіз топқа жататын жастар үшін экономикалық кедергінің артуы байқалады. Қолжетімділіктегі мұндай айырмашылық білім беру кеңістігінде «элиталық» және «қолжетімді» университеттердің қалыптасуына және беделі жоғары емес университетте табыс деңгейі төмен отбасыдан шыққан жастар үлесінің артуына әкеледі. Мұндай жағдай перспективада әлеуметтік-экономикалық жағдайдың еңбек нарығында кәсіби жетістікке жету мүмкіндігіне, соның ішінде табыс пен кәсіби мәртебеге ықпалының артуына әсер етеді. Мақалада жоғары білім алуда экономикалық капиталдың маңыздылығы мен «қолжетімді» кәсіби таңдаудың әлеу-меттік салдарлары сараланады.
Түйін сөздер: жоғары білім, білім қолжетімділігі, экономикалық барьер, табысы жоғары отбасылар, табысы төмен отбасылар, отбасының ресурстық потенциалы.









