СУИИДАЛДЫҚ ОЙЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БЕК ШКАЛАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЖЕКЕ-ЖЕКЕ СИПАТТАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.04
        211 183

Аннотация

Мақалада суицидтік ойлары бар жасөспірімдердегі күйзеліс, мазасыздық және үмітсіздік көрсеткіштерімен жеке ерекшеліктердің өзара байланысын зерттеу нәтижелері келтірілген.

Зерттеудің мақсаты суицидтік ойлары бар жасөспірімдерге тән жеке-тұлғалық сипаттамаларды, сондай-ақ осы сипаттамалардың Бек межесі бойынша мазасыздық, күйзеліс, үмітсіздік және суицидтік ойлар көрсеткіштерімен байланысын анықтау болды.

Корреляциялық талдау арқылы біз қатаңдық, жеке-тұлғалық және интроверсия сияқты межелері жоғары жасөспірімдердің суицидтік ойларға көбірек бейім екенін анықтадық.

Зерттеу С.Склярдың Психотерапия орталығының базасында суицидтік ойларға шағымданған орталыққа жүгінген жасөспірімдерге сауалнама жүргізу арқылы жүргізілді. Жеке-тұлғалық ерекшеліктер жеке тұлғаны зерттеудің стандартталған көп факторлы әдісі (ЖЗСКӘ) арқылы анықталды. Зерттеу ЖЗСКӘ межелерінің Бектің мазасыздық, күйзеліс, үмітсіздік және суицидтік ойлар межесі бойынша көрсеткіштермен өзара байланысын анықтады.

Зерттеудің құндылығы мен маңыздылығы оның нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасауға, сондай-ақ қауіп тобындағы жасөспірімдердің жеке психотерапиясының мақсаттарын анықтауға болатындығында.

Түйінді сөздер: жасөспірімдер, жасөспірімдердің суициді, жеке-тұлғалық ерекшеліктері, А. Бек межесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Nizamudin М. ., Khon, N. ., Garber А. ., & Sklyar, S. (2023). СУИИДАЛДЫҚ ОЙЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БЕК ШКАЛАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРМЕН ЖЕКЕ-ЖЕКЕ СИПАТТАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 87(4), 31–40. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v87.i4.04