ПРОФЕССОР Н.Н. ОБОЗОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.01Аннотация
Мақала көрнекті орыс ғалымы, психология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының ректоры (ПКжМА), халықаралық психология ғылымдары академиясы, Балтық педагогикалық академиясы, Халықаралық кадрлар академиясы, Ленинград мемлекеттік университетінің жан-жақты әлеуметтік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының антропология және дифференциалдық психология зертханасының меңгерушісі, көрнекті Кеңес психологы, КСРО ПҒА академигі Б.Г. Ананьевтің жетекшілігімен тікелей жұмыс істеген Н.Н. Обозовтың психология ғылымына қосқан үлесін зерттеуге арналған.
Мақалада Н.Н. Обозовтың өмір жолы мен кәсіби дамуы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосқан үлесі, атап айтқанда КСРО мен Ресейдегі әлеуметтік және эксперименттік психологияның дамуындағы аспаптық және техникалық зерттеулердің енгізілуі мен жетістігі қарастырылған. Мұнда кибертренингтің жүйелік технологияларының даму тарихына: кибертренинг, кибердиагностика, кибертерапия жан-жақты шолу жүргізіледі, сонымен қатар Н.Н. Обозовтың бірлескен іс-әрекет психологиясының және оның әртүрлі аспектілерінің - үйлесімділік, ынтымақтастықтың дамуына қызмет ету, инновациялық ғылыми әдістері талданады.
Ол жасаған киберметрлердің заманауи үлгілері бүгінгі күні практикалық психология және әлеуметтік-бағдарланған пәндерді оқыту үдерісінде және ҚКББ (қосымша кәсіби білім беру) түрлі тренингтерінде сәтті қолданылуда.
Түйін сөздер: психология тарихы, әлеуметтік психология, экспериментік психология, жүйелік кибертренинг технологиялары.
Нұсқалар
- 2023-11-02 (2)
- 2023-09-07 (1)