Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан халқының демографиялық жағдайына талдау (1991-2021 жж.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.06
        982 812

Аннотация

Бұл мақалада 1991-2021 жылдар аралығында ҚР халқының саны мен табиғи өсімінің (туу және өлім-жітім) деректері талданады. Туу мен өлім әлемнің барлық елдерінде болып жатқан өмірлік маңызды оқиғалар болып табылады және бұл оқиғаларды тіркеу табиғи өсуді (немесе кемуді) және халықтың саны мен құрылымының жылдық өзгеруін бағалау үшін өте маңызды. Елдегі туу мен өлімді тіркеу деңгейі адам дамуын жоспарлауға маңызды үлес ретінде халықтың табиғи қозғалысы статистикасының маңыздылығын мойындау деңгейін көрсетеді. Мақалада ҚР жынысы мен облыстары бойынша туудың, өлім-жітімнің жалпы коэффициенттеріне және туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Талдау     нәтижелері     Қазақстандағы     белгілі     бір     кезеңдер     жалпы     туудың     төмендеу тенденцияларымен, одан кейін өсу үрдістерімен және осы көрсеткіштің тұрақтылығын белгілеумен сипатталатынын көрсетті. Демографиялық жағдайды талдау мақсатында Қазақстанда туу мен өлімнің жалпы көрсеткіштері жинқталды. 1992-2001 жылдар аралығында халық санының азаюы байқалады, 1994-1998 жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеу болды және 2002 жылы халық саны динамикасында бетбұрыс байқалды. Мақаланың авторлары Қазақстан халқына қатысты 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындыларына талдау жасады.

Түйін сөздер: халық саны, жастық-жыныстық пирамидасы, этностар, табиғи өсім, туу, өлім, өмір сүру ұзақтығы, халық санағы.

Жүктелулер

Как цитировать

Aldangarkyzy, A., Abdiraiymova, G. S., & Bodaukhan, K. (2023). Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан халқының демографиялық жағдайына талдау (1991-2021 жж.). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 84(1), 69–78. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.06