Психологиядағы тұлғаның жеке қасиеттері мен кинематографиялық талғамының өзара байланысын зерттеудің кейбір теориялық және тәжірибелік аспектілері (шетелдік зерттеулерге шолу)

Авторлар

  • G. V. Yeshmuratova «Тұран» университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.07
        102 108

Аннотация

Бұл мақаланың басты мақсаты адамдардың тұлғаның жеке қасиеттерінің, кинематографиялық талғамы мен кино тұтынудың (мотивтердің) өзара байланысы туралы заманауи шетелдік зерттеулерге шолу жасау болып табылады. Зерттеу нәтижелері шетелдік зерттеушілердің фильмнің мазмұнын қабылдаудағы көрермендердің жеке қасиеттерінің рөлін зерттеуде, мотивтер мен психологиялық қажеттіліктердің көптеген түрлерін түсіндіруде негізінен жеке тұлғаның бес факторлы моделін (экстраверсия, ізгілік, ар-ождан, нейротизм және тәжірибеге ашықтық) қолданатындығын көрсетті. Зерттеу қорытындылары көрермендердің басым жеке сипаттамалары мен олардың кинодағы талғамының арасындағы маңызды байланысты анықтады, мысалы, ізгілік, ар-ождан, нейротизм факторлары бойынша жоғары балл жинаған көрермендер танымал және ойын-сауық фильмдерін таңдауға бейімділікті көрсетті, тәжірибеге ашықтық авторлық кино фильмдерінің негізгі алдын ала болжаушысы болып саналады және көркемдік қанағаттану мотивтерімен байланысын көрсетті, қатысушылардың гендерлік айырмашылығына байланысты фильмдер «ерлер», «әйелдер» және гендерлік бейтарап жанрлар болып анықталды, фильмдерді қалпына келтіру тәжірибесі ретінде және көңіл-күйді реттеу үшін пайдалануға болады, әлеуметтік қарым-қатынас пен жас ерекшеліктері киноны қайта қарау және кино ұсыныстарының алдын ала болжаушысы болып табылады. Осылайша, бұл зерттеу, фильмдерді зерттеудегі жеке айырмашылықтарды ескерудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қазақстандық кино көрермендерін зерттеу мысалында кино психологиясы саласындағы болашақ зерттеулердің теориялық түсініктері мен аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етеді.

Түйін сөздер: тұлғалық жеке қасиеттер, кинематографиялық талғам, бес факторлы модель, «үлкен бестік», медиа-талғам, кинофильм, кино тұтыну.

Жүктелулер

Как цитировать

Yeshmuratova, G. V. (2021). Психологиядағы тұлғаның жеке қасиеттері мен кинематографиялық талғамының өзара байланысын зерттеудің кейбір теориялық және тәжірибелік аспектілері (шетелдік зерттеулерге шолу). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 74–84. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.07