Студенттердің бос уақытын ұйымдастырудағы университеттің рөлі

Authors

  • Aygerim Myrzabekova

Abstract

Белгілі бір әлеуметтік топтардың бос уақытын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады, әсіресе ең белсенді әлеуметтік топтың, яғни студент жастардың бос уақытын өткізу мәселесі. Студенттер жастардың ең перспективалы бөлігі болып табылады, себебі бұл әлеуметтік-демографиялық топтың өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге, сондай-ақ оларды дамыту мүмкіндігіне қызығушылығы басқа санаттарға қарағанда жоғары. Бұл мақалада студенттік жастардың бос уақытын өткізудің әлеуметтанулық зерттеуі қарастырылған. Эмпирикалық зерттеулер ақпаратты жинау және өңдеудің сандық әдістеріне (сауалнамаға) негізделген. Зерттеу студенттер арасында бос уақыт тәжірибесі туралы, студенттің өзінің бос уақытын ұйымдастыруы, университет пен бос уақыттың өзара әрекеттесуі туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Бұл мәліметтер ҚазҰУ студенттерінің мысалында келтірілген.
Мақала бос уақыт құрылымын анықтау және студенттің бос уақытындағы тәжірибе нысандарын жіктеуге бағытталған. Негізгі ғылыми гипотезалар бос уақытты өткізу тәжірибелері студенттің бос уақытын толтырудың оң әдісі ретінде бағаланатындығына негізделген.
Зерттеу нәтижесі бойынша студенттер «бос уақыт» тұжырымдамасын түсіну, бос уақытты өткізу тәжірибесін таңдау және бос уақытты университетте өткізуге қарым-қатынасы ескерілді. Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы – студенттік жастардың бос уақыттағы тәжірибесін зерттеуге арналған ғылыми және теориялық ұсыныстар жасау. Зерттеу материалдары университеттің немесе басқа ұйымдардың студенттің бос уақытын ұйымдастыру процесінде пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: демалыс, бос уақыт тәжірибелері, жастар, студенттер, бос уақыт.

Downloads

Published

2017-12-11