Халықтың төтенше жағдайлардағы әлеуметтік қорғансыздығы

  • Әсем Тұрдыбекқызы Омарова
  • София Малқайдарқызы Дүйсенова
  • Ақмарал Мұхтарқызы Сұлтанова

Аннотация

ХХІ ғасыр – жаһандық сананың қалыптасуын бейнелейтін, индустрияландыру мен урбандану процестерінің қоғамға тигізетін терең әсерлерімен сипатталатын, күрделі әлеуметтік-тарихи өзгерістерге толы уақыттық кезең. Әлеуметтік дағдарыстар, табиғи және антропогендік сипаттағы төтенше жағдайлар санының күрт өсуі және олардың әкелетін әлеуметтік зардаптарының көлемінің ұлғаюы зерттеуші ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары күннен-күнге жиі жарылыстар, өрттер, авиациялық, теңіз және мұхит кемелерінің апаттары, су тасқындары, эпидемиялар, көтерілістер, азаматтық соғыстар және басқа алуан түрлі төтенше жағдайлар жайлы ақпараттар таратады. Аталған оқиғалар дүние жүзі халқының терең материалдық және моральдық күйзелістерімен, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени құлдырауымен қатар келуде. Мұндай күйзелістер қақтығыстар мен тәуекел жағдайлардың қалыптасуына тікелей әсер етеді, осы жағдайларда адамдар қорғансыздығын зерттеу өте маңызды болып табылады. Қорғансыздық – бұл экологиялық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты күйзелістердің әсерінен қолайсыз әсерлерді қабылдауға бейімділік жағдайы. Қорғансыздық адамдардың тіршілігіне төнетін шынайы қауіп пен халықтың және қоғамның олармен күресу қабілеттілігі арасындағы арақатынасты білдіреді. Бұл мақалада адамзаттың әртүрлі қоршаған орта, технологиялық өзгерістерінің салдарынан қорғансыздығы талданады, оның көптеген әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тікелей және жанама байланысы, мысалы, кедейлік және әлеуметтік теңсіздік, табиғи ресурстарға қолжетімділік деңгейі сияқты жағдайлар адамдардың мүмкіндіктеріне әсері сипатталады. Автор төтенше жағдайларды басынан өткерген тұрғындарға жүргізген әлеуметтанулық сауалнама негізінде еліміздегі халықтың әртүрлі қауіп-қатерлерден дәл қазіргі уақыттағы қорғалғандық сезімінің деңгейін бағалап көрсетті. Мақаланың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы оның негізгі ойлары мен тұжырымдары халықты әлеуметтік қорғау іс-шараларын, халықтың қорғансыздығын, апатты жағдайларға дайындығын, бейімделушілік қабілетін жақсарту үшін қолдануға болатындығымен анықталады. Жұмыстың материалдарын табиғатты қорғау және халықтың денсаулығын сақтау экология, әлеуметтік қауіпсіздік, экология әлеуметтануы саласында әртүрлі іс-шараларды жасауға үлес қоса алады.Түйін сөз: қорғансыздық, апат, төтенше жағдай, қауіп, бейімделу.
Опубликована
2018-02-05
Как цитировать
ОМАРОВА, Әсем Тұрдыбекқызы; ДҮЙСЕНОВА, София Малқайдарқызы; СҰЛТАНОВА, Ақмарал Мұхтарқызы. Халықтың төтенше жағдайлардағы әлеуметтік қорғансыздығы. The Journal of Psychology & Sociology, [S.l.], v. 4, n. 63, feb. 2018. ISSN 1563-0307. Доступно на: <http://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/813>. Дата доступа: 15 aug. 2018