Студент-психологтардың эмоционалды ұстамдылығы

  • Г. Ж. Сарбасова

Аннотация

Мақалада қарастырылып отырған мәселе қазіргі ЖОО-да білім алушы болашақ психологтарға бағытталған, себебі әрбір болашақ маман өзінің кәсіби сапаларын оқу үдірісінде дағдыландыруы қажет. Студент-психологтардың кәсіби іс-әрекеттеріндегі эмоционалды төзімділігі мен оның ғылыми тұрғыда зерттелу мәселелері орын алуда. Бұл тақырыптың қазіргі таңдағы өзектілігі студенттің жеке тұлғалық дамуындағы өзін-өзі тануы, өзін-өзі өзектендіруі, өзін-өзі басқара алуының ерекшеліктері эмоционалды төзімділігінің қалыптасуымен байланысқан. Ресейлік ғалымдардың зерттеулеріндегі нәтижелерге сүйене келе тұжырымдар жасалды. Эмоционалды ұстамдылық бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың ой-пікірлері, ғылыми зерттеу әдістері бойынша тұжырымдар жасалған. Психологиялық қызметтің бағыттары, принциптеріне сипаттама жасалды. Болашақ психологтарға эмоционалды ұстамды болуларындағы тұлғалық сапалары, мінез-құлқы, темпераменті арасындағы байланыстар қарастырылды. Психология саласында көптеген зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерінде бөліп көрсеткен эмоционалды ұстамдылық сапалары мен критерийлері де көрсетілді. Мақаладағы қарастырылған мәселенің нәтижесі бойынша болашақ психологтардың өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде эмоционалды ұстамды бола білулері атқарар қызметтеріндегі ең маңызды сапа екендігі жайлы қорытынды шығарылды.
Түйін сөздер: эмоционалдық икемділік, кәсіби психолог, эмоциялық көрініс, эмоциялық аймақ, рефлексия, эмпатия, өзін-өзі тану, өзін-өзі тану, темперамент, эмоционалды тұрақтылық.
Опубликована
2018-02-01
Как цитировать
САРБАСОВА, Г. Ж.. Студент-психологтардың эмоционалды ұстамдылығы. The Journal of Psychology & Sociology, [S.l.], v. 4, n. 63, feb. 2018. ISSN 1563-0307. Доступно на: <http://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/808>. Дата доступа: 18 feb. 2018