Эмоция механизмінің психофизиологиялық теориялары

  • Гульнур Нурсаиновна Борбасова
  • Манзура Кенесбеккызы Жолдасова
  • Альмира Мэлсовна Кустубаева

Аннотация

Мақала эмоцияның түсіну механизмдерінің тарихи дамуына және эмоцияның нейрофизиологиялық күйін заманауи талаптарда зерттеуге арналған. Мақалада эмоцияны мидың функциясы ретінде қарастыратын ғылыми теорияларға анализ жасалған. Эмоцияның психофизиологиясы эмоционалдық үдерістерінде мидың жекелеген құрылыстары анықталғанда қатысатыны туралы Джеймс-Лангтің қарапайым түсіктерінен бастап жаңа технологиялардың негізіндегі заманауи зерттеулерге дейін тарихи дамуларына көзқарастар берілген. Эмоционалдық механизмдердің эволюциялық түсініктеріне жол салған адамдар мен жануарлардың эмоциялар бірлігіне ең алғаш мән берген Ч. Дарвиннің ғылыми-теоретикалық үлесіне ден қойылған. Симонованың ақпараттық теориядағы эмоциялар байланысының жүргізілуі заманауи дәрежеде зерттелуде. Түсінуге когнитивті жағынан келу жолдарының пайда болуы мен дамуы, иплицитті және эксплицитті эмоциялар түсінігінің дифференциациясы қарастырылған. Мақала соңын эмоциялық тапсырмаларды орындау үдерісінде миға тереңірек үңілуге жағдай туғызатын функциональды магнитті-резонанстық сканерлеуді қолданған заманауи зерттеулер тәмәмдайды. Бұл әдеби шолу эмоцияны болашақта зерттеудегі негізгі тенденцияларды ерекшелейді.Түйін сөздер: эмоция, психофизиология, ми, ЭЭГ зерттеу, лимбикалық жүйе.
Опубликована
2018-02-01
Как цитировать
БОРБАСОВА, Гульнур Нурсаиновна; ЖОЛДАСОВА, Манзура Кенесбеккызы; КУСТУБАЕВА, Альмира Мэлсовна. Эмоция механизмінің психофизиологиялық теориялары. The Journal of Psychology & Sociology, [S.l.], v. 4, n. 63, feb. 2018. ISSN 1563-0307. Доступно на: <http://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/807>. Дата доступа: 15 aug. 2018