ЖОО түлектердің жұмыс іздеу және карьераларын құру мәселелері

  • Әсел Сарсенова

Аннотация

ЗерЗерттеудің өзектілігі қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы ЖОО түлектерінің жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу мәселесінің қиындығына байланысты, жұмысбастылық құрылымының өзгеруімен, жұмыс берушілер мен ЖОО арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың әлсіздігімен түсіндіріледі. Алайда, елімізде жастарға арнайы бағытталған жұмыспен қамту жөніндегі түрлі жергілікті және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асып жатқанымен, аталмыш мәселе, әсіресе, кеше ғана ЖОО бітірген түлектердің жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу мәселесі толыққанды шешімін таппай отыр. Әдістері: 2016 жылы автормен жүргізілген сапалы интервью әдісі эмпирикалық зерттеудің негізін құрады. Респонденттер болып интервью алған уақыттан бастап соңғы үш жылда Алматы қ. мен Алматы облысының жоғары оқу орындары түлектері қатысты. Респонденттер «snow-ball» арқылы іріктелініп алынды (N=30, әрбір өңірден 15). Нәтижесі: Эмпирикалық мәліметтер негізінде еңбек нарығына шыққан түлектердің көп бөлігі еңбек тәжірибесінің жоқтығы сияқты қиындықпен кездесіп жататыны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесіне түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығына әлеуметтік байланыстардың жағымды әсері айқындалды, яғни ресми байланыстарды қолданған түлектерге қарағанда, бейресми байланыстарды пайдаланған түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы аз уақыт мөлшерін құрады. Студенттік кезеңдегі жұмысбастылықтың басты себептері қарастырылып, оның материалдық сипаты және тұрақты болашақ жұмыс орнын қамту мазмұны белгіленді.
Түйін сөздер: түлектер, жұмыс іздеу, карьера, жұмыс іздеу ұзақтығы. 
Опубликована
2017-09-25
Как цитировать
САРСЕНОВА, Әсел. ЖОО түлектердің жұмыс іздеу және карьераларын құру мәселелері. The Journal of Psychology & Sociology, [S.l.], v. 61, n. 2, sep. 2017. ISSN 1563-0307. Доступно на: <http://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/759>. Дата доступа: 12 dec. 2017