Ш. ƏЛЖАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДIЛIГIН АРТТЫРУДАҒЫ ОЙЛАУ IС-ƏРЕКЕТIНIҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Authors

  • N. S. Zhubanazarova
  • G. Sh. Zhumagulova

Abstract

 Ш. Əлжанов психология, педагогикалық психологияға қатысты «Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы» атты кітапта оның «Ес жəне есте қалдыру мəселелері. Ой мəселелері. Дағдылану мəселелері»  дегенбееңгі       жарияланды,  ол  психологияға  байланысты  қазақ  тіліндегі марксизм ілімі тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Ғалым оқушылардың жеке дара психологиясында кездесетін ерекшеліктері туралы  сөз қозғайды, эксперименттік зерттеулер мен бақылаулардың нəтижелерін ортаға салады. Оқушылардың ес жəне есте сақтау, ойлау, дағдылану ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің сабақты тиімді өткізе алуына үлкен мəн береді.  Материалды берік есте қалдырудың жолдарын ұсынады. Оның айтуынша, жасы бірдей балалардың есте сақтау ерекшеліктері біркелкі болмайды, онда өзгешеліктер бар. Кейбір балалар көп материалды ұзақ уақытқа дейін есінде сақтай алса, кейбіреулері ондай емес, олар материалды аз уақыт шамасында ұмытып қалады, ал одан да басқа балалар көлемі үлкен материалды тіпті бірнеше рет айтқанда ұғына алмайды.

References

1. Жарықбаев Қ.Б. Ғибраты мол ғалым еді. Қазақ педагогикасының алғашқы профессорларының бірі – Ш. Əлжанов туралы (1901-1938) // Алматы ақшамы. – 2001. – 23 қазан (№120).– Б. 3-4.
2. Бердімұратова Қ.Қ. Ш.Е. Əлжановтың педагогикалық көзқарастары // Қазақстан кəсіпкері. – 2010. – 4 сəуір (№83). – Б. 40-44.
3. Əди Шəріпұлы. Көкшетау арыстары. Халқымыздың тұңғыш педагогтарының бірі. //Көкшетау. – 5 қыркүйек (№172). – Б. 3-4.
4. Əлжанов Шылау1934. – 160 б. мектептерін политехникаландыру жолдары, Қазақстан баспасы,
5. Əлжанов Ш. «Қазақстандағы ұлттық мəдениет проблемалары жəне ғылыми зерттеу педагогика институтының алдындағы кезекті міндеттері» Қазақтың тəлімдік ойлар антологиясы – Алматы, 2009. -175 б.

Downloads

Published

2010-09-10